12 ақпан 2021

Артқы есіктің электр жетегінің ЭББ-н модификацияланған түріне ауыстыру бойынша SRT301 сервистік науқаны.

Subaru автокөліктерінің сенімділігі– –өндірушінің ең басты басымдықтарының бірі. Сондықтан Subaru автокөліктерінің өндірушісі жаңа автокөліктер мен олардың элементтерін де, пайдаланудағы автокөліктерді де тұрақты түрде зерттеп отырады.

Осындай бір зерттеудің нәтижесі бойынша өндіруші 2019 модельдік жылғы (2018 жылдан 2019 жылға дейін шығарылған) Forester автокөліктеріне арналған сервистік науқанды жариялау туралы шешім қабылдады.

Бұл кері қайтару науқаны жүксалғыштың қақпағын қашықтан басқару пультінің көмегімен ашқан кездегі ықтимал қиындықтарға байланысты жарияланды.

Мұндай жағдайлардың алдын алу және клиенттердің шағымдарын шешу үшін өндіруші артқы есіктің электр жетегінің модификацияланған ЭББ әзірледі. Модификацияланған ЭББ бұрынғы модификацияланбаған блоктың орнына орнатылуы қажет.

Осы сервистік науқан шеңберіндегі барлық жұмыстарды Subaru компаниясының кез келген ресми дилері автокөлігіңізге тегін жүргізіп береді.

Сұрау жіберу
icon icon icon icon icon

www.aktobe.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.